"Әскери баспана" бағдарламасына өтінім қабылдау қашан басталады?

Өтінім қабылдаудың соңғы күні – 23 қыркүйек.

"Әскери баспана 8/15" бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау 25 тамыз басталып, 30 күнтізбелік күн бойы қабылданады. Өтінім қабылдаудың соңғы күні – 23 қыркүйек, деп хабарлады "Отбасы банк".

Өтінішті қалай беруге болады?

Бағдарламаға қатысуға өтініштерді қабылдау "Баспана Маркет" порталында 30 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысуға тұрғын үй төлемдерін алушылар өтінім бере алады:

  • Банкте арнайы салымы барлар және сол салымдары бұрын онлайн-табыстау арқылы сатып алынған салыммен біріктірілмеген жағдайда;
  • "Әскери баспана" бағдарламасына қатысуға өзекті өтінімі жоқ азаматтар үшін;
  • "Әскери баспана" бағдарламасы шеңберінде қарыз алу үшін өзекті несиелік өтінімі жоқ азаматтар үшін;
  • "Әскери баспана" бағдарламасы шеңберінде алынған несиесі жоқ адамдар.

Оқи отырыңыз: "Әскери баспана" ипотекасы: Өтініштер 2022 жылғы тамызда қабылданады


Тізім қалай құралады?

Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін автоматты режимде негізгі және резервтік тізімдер қалыптастырылатын болады.

Тізімдер тұрғын үй төлемдерін алушылардың арнайы салымдарына жинақталған сыйақының ең көп сомасы негізінде құралады. Яғни, тізімге арнайы салымдарда тұрғын үй төлемдерін тұрақты түрде жинақтаған алушылар енгізіледі.

Негізгі немесе резервтік тізімге өту немесе өтпеу туралы мәртебені "Баспана Маркет" порталындағы жеке кабинеттен көруге болады.

Тізімге енгендер не істейді?

Негізгі тізімге енетін тұрғын үй төлемдерін алушыларға 180  күнтізбелік күн ішінде қажет болады:

  1. Банк бөлімшесінде, банк кеңесшісінде немесе бейне қоңырау арқылы төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өту;
  2. Тұрғын үйді тауып, оны бағалау;
  3. Несиелік өтінімді банк бөлімшесінде, банк кеңесшісінде немесе бейне қоңырау арқылы беру.

Кейін несие алынады.


Оқи отырыңыз: Ең төмен пайыз, ең ұзақ мерзімдер: мемлекеттік ипотекалардың толық тізімі


Қатысуға өтінім бергеннен кейін және өтінім берген тұрғын үй төлемдерін алушылардың негізгі және резервтік тізімдері қалыптастырылғанға дейін өздерінің арнайы салымдары бойынша постдепозиттік операцияларды (басқаға беру, жабу, біріктіру) жүргізе алмайды.

Өтінім беру туралы бейненұсқаулық бағдарлама басталу уақыты жақындаған кезде әлеуметтік желідегі банктің ресми парақшаларында жарияланатын болады.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары