3,5 шақырым жол бес жыл бұрын салынуы тиіс болған.
Таразда көшеге асфальттың тек құжат жүзінде төселгенін білген тұрғындар шу шығарды. Бөлінген 10 миллион теңгенің қайда кеткенін білу үшін тұрғындар әкімдікке сұрау салған. Кейін жол салуы тиіс мердігердің ақшаны алып, жұмысты аяқтамай кетіп қалғаны белгілі болды. Қала әкімшілігі қазір қаржыны қайтару жұмысын жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Құжат ашылып жатыр, өз көзіммен көрдім. "Песчаный асфальт" дейді. Сонда қалай сенесің? Әкімдік сондай әрекет жасап отырса, халық не істейді? Әкімдіктің әмиянын өз қалтасымен шатастырған кім?" – деді Тараз қаласының тұрғыны Таңжарық Тойбаев.
Бастапқыда жұртты жұбатқандай болып қиыршық тас төсеп қойған.
"Яғни 2 жыл бұрын ақша бір жаққа кетіп қалды. 2020 жылы жазғанымда "2021 жылы болады, қазір қаражат бөлінеді" деді. 2021 жылы жаздым "2022 жылы болады" деген еді", – дейді Тараз қаласының тұрғыны Жолдықұл Қырықбай.
"Қара халықтың бәрі жазып жатыр. Одан пайда жоқ. Бұл жаққа қашан үкімет орнайтынын білмеймін. Бір кішкене сауатты әкім келе ме? Келмей ме?" – деді Тараз қаласының тұрғыны Таңжарық Тойбаев.
Оқи отырыңыз: СҚО-да кәсіпкердің банкке қарызына байланысты 800-ге жуық адам жерінен айырылуы мүмкін
Жауаптылар бюджеттен қаражаттың әлдеқашан бөлінгенін растады. Алайда сеніп тапсырған компания істі созып жіберген. Бес жылдан бері 3,5 шақырым жолдың бітпеуінің басты себебі осы.
"Негізі 2 жыл бұрын басталуы керек еді. Мердігер "Жандос ИК" жұмысты жөндеп істемеген соң, біз шартты бұздық. Сотқа бердік, қаржы енді қайтарылды. 10 миллион теңгенің төңірегінде еді. Биыл да сол қаражатты конкурсқа беріп, жұмыс қайта басталады", – деді Тараз қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақсат Нұржанов.
Тұрғындар әкімдікке еш сенім қалмағанын айтады. Осы орайда, қала билігіне көшелерді өз көзімен көріп шығуға кеңес берді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
296
-
0
-
0
-
-
2👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
290
-
0
-
0
-
-
3🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
289
-
0
-
0
-
-
4🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
311
-
0
-
0
-
-
5⛽️ Шілдеде газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі
-
314
-
2
-
2
-
-
6🚭Қазақстанда вейп-өнімнің айналымына толықтай тыйым салынуы мүмкін
-
309
-
0
-
1
-
-
7👨⚖️ Депутат Жигули Дайрабаев сотта жеңілді
-
294
-
0
-
1
-
-
8🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
237
-
0
-
0
-
-
9📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
222
-
0
-
1
-
-
10🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
236
-
0
-
0
-