Тікелей эфир

Асанәлі Әшімов, Жүрсін Ерман, Бибігүл Төлегенова. Елбасы стипендиясын тағы кімдер иеленді?

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік стипендиясын беру жөнінде өкім етті.

2021 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы:

Әдебиет қайраткерлері

  • Айтқожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" орденінің иегері;
  • Алдияр Бақытжан – 1974 жылы туған, ақын, "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты;
  • Әбдікұлы Төлен –1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;                        
  • Әшімов Әкім (Әкім Тарази) – 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Гарькавец Александр – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері;
  • Досанов Сәбит – 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Барыс"  ордендерінің иегері;
  • Жағанова Алтыншаш – 1943 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, ақын, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, "Құрмет" және "Парасат"  ордендерінің иегері;
  • Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Исабеков Дулат – 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ІІ дәрежелі "Достық" орденінің иегері;
  • Қосылбеков Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Қыдырханұлы Уахап  – 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
  • Медетбек Темірхан – 1945 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері;
  • Мырзахметұлы Мекемтас – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Нұрпейісов Әбдіжәміл – 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Оразбаев Иранбек – 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері;
  • Өтеулиев Бауыржан – 1969 жылы туған, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты;
  • Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Сарыбаев Бейбіт – 1983 жылы туған, жазушы;
  • Сегізбай Кәдірбек – 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Сматаев Софы – 1941 жылы туған, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері;
  • Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, Қазақ КСР-інің халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының  Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты;
  • Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері;
  • Шапай Тұрсынжан – 1957 жылы туған, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Оқи отырыңыз: Waterman медалін иеленген тұңғыш қазақ. Пианист Әлім Бейсембаевпен сұхбат


Өнер қайраткерлері

  • Әбдіреев Марат – 1965 жылы туған, суретші;
  • Андриасян Рубен – 1938 жылы туған, театр режиссері, Қазақстанның халық әртісі;
  • Асылханов Ермек – 1951 жылы туған, дизайнер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Ахметова Мәрия – 1921 жылы туған, музыкатанушы;
  • Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің халық әртісі;
  • Байдүкенова Рухия – 1998 жылы туған,  әнші, "Славянский базар-2021" халықаралық конкурсының жеңімпазы;
  • Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
  • Бекназар-Ханинга Лейло 1960 жылы туған, актриса;
  • Бекқұлова Айжан – 1954 жылы туған, қолөнерші;
  • Джалилов Самат – 1990 жылы туған,  кинорежиссер;
  • Жаманбаев Базарғали –  1942 жылы туған, дирижер, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор, ақын, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Отан" орденінің иегері;
  • Жанботаев Досжан – 1949 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі;
  • Жолжақсынов Досхан – 1951 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Отан" орденінің иегері;
  • Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Зайберт Виктор – 1947 жылы туған, археолог;
  • Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі;
  • Қалықова Саида – 1985 жылы туған, пианист;
  • Кәден Лидия – 1952 жылы туған, актриса, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері
  • Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері;
  • Қазығұлов Алпысбай – 1958 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері;
  • Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина, Қазақ КСР-інің халық әртісі;
  • Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;
  • Қосымбаев Мэлс – 1970 жылы туған, айтыскер;
  • Максим Ержан – 2007 жылы туған, әнші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты;
  • Мәлібекұлы Жандарбек  – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы;
  • Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері;
  • Наурыз Ернат – 1995 жылы туған, домбырашы, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты;
  • Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және ІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері;
  • Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері;
  • Олжабай Темірлан – 1996 жылы туған, күйші, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты;
  • Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Орымбаева Гүлсәуле – 1952 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері;
  • Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет"  және "Парасат" ордендерінің иегері;
  • Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, Қазақ КСР-інің   халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Парасат" орденінің иегері;
  • Сұлтанов Сүндет – 1992 жылы туған, балет солисі;
  • Сіргебаев Ескен – 1940 жылы туған, суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі;
  • Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
  • Тұрдығұлов Жолаушы – 1950 жылы туған, суретші;
  • Тұрысбек Секен – 1961 жылы туған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері;
  • Тыныштығұлова Сара – 1942 жылы туған, Қазақ КСР-інің халық әртісі, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері;
  • Тілеубаев Қуат – 1972 жылы туған, киносуретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;
  • Шәкірат Сержан – 1939 жылы туған, күйші, "Құрмет" орденінің иегері;
  • Шынарбаев Ермек – 1953 жылы туған, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары