USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Аша Матай, Тамара Асар: ОСК ҚХП кандидаттарының тізімін ресми түрде тіркеді

Фото: ҚХП
Фото: ҚХП
Қазақстан Халық партиясы сайлауға 72 кандидат ұсынды.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан Халық партиясы ұсынған Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ресми түрде тіркеді. Партия алдағы сайлауға 72 кандидатты ұсынып отыр.

ОСК барлық 72 кандидатты тіркеп, партия өкіліне арнайы куәліктерін тапсырды.

Қазақстан Халық партиясының тізіміне бұрынғы Мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин және Кенжеғұл Сейітжан енген. Сондай-ақ танымал тұлғалар қатарында әнші Тамара Асар, тележүргізуші Аша Матай және TikTok-та кеңінен танылған мұғалім Игорь Гноевой бар. Бұдан бөлек, партия атынан бұрынғы сенатор мен экс-вице-министр де сайлауға қатысады.

Қазақстан Халық партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылған. Бұған себеп – партияның алдыңғы Мәжіліс сайлауында 5 пайыздық межеден асып, Парламенттің төменгі палатасына өткендігі. Осыған сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сай партия кандидаттарды тіркеу кезінде сайлау жарнасын төлемейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау