Ас беру, қариялар батасы, жеті атаға дейін қыз алыспау Исламмен үйлеседі – бас мүфти

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Дәстүрлі Ислам құлшылық қана емес, ол – күнделікті өмір мәдениеті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Егемен Қазақстан" басылымындағы мақаласында Қазақстандағы дәстүрлі Ислам туралы сөз қозғады. 

"Бізді ғасырлар бойы бірлікке, татулыққа, парасатқа жетелеген дәстүрлі дін болашақта да елдегі рухани тұрақтылықтың кепілі болары анық. Себебі мұнда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дүниета­ны­мы мен біртұтас мәдениеті бар. Олай дейтініміз, дәстүрлі Ислам құлшылық қана емес, ол – күнделікті өмір мәдение­ті. Себебі халқымыздың тұрмыс-салтындағы қазақтың ас беруі, қариялардың бата беруі, жеті атаға дейін қыз алыспау секілді дәстүрлер дінмен үйлесім тауып, өміршең сипатқа ие болған", – деп жазды Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оның айтуынша, қазақ топырағына Ислам діні келгенге дейін Ұлы Жібек жолының бойында орна­ласқан қалаларда (Тараз, Сай­рам, Отырар, т.б.) түр­кі өркениеті қалыптасқан. Бұл өркениет түркі және әлем тари­хы­ның маңыз­ды бөлігі саналады. Ислам діні кел­ген соң бұл мәде­ниет жаңа дең­гей­ге көтерілді.

"Бүгінде мемлекетіміз Ислам дінінің құндылықтарын қор­ғау­­ға атсалысып келеді. Соны­мен қа­­тар діни радикализм мен экс­т­ре­­­мизмнің алдын алу бағытын­да жүйелі жұмыстар атқарылды. Қазақстан Әлемдік және дәстүр­лі дін­дер көшбасшыларының съе­­­з­ін өткізіп, аталған жиынды дәс­­түр­лі діндер мен конфессия­лар­­дың көрнекті өкілдері арасын­­дағы тиім­­­ді әрі табысты диалог ­ала­­­ңы­­­на айналдырды. Сондай-ақ ­Қазақ­­­­­с­тан Ислам Ынтымақтас­тығы ­Ұйы­мының мүшесі ретінде мұсылман әлеміндегі ынты­мақ­тастықты нығайтуға, Исламның бейбіт және әділ көрінісін қалып­тастыруға, әлемдік мұсылман қа­уымдастығының мәдени мұра­­сын сақтауға және зерттеуге, әлем­де бейбітшілік орнату мақсатында Ислам мемлекеттері арасында­ғы саяси диалог пен келіссөздер­ге қолдау көрсетуге үлес қосып келеді", – деді бас мүфти. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары