Облыстық мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.
Ұлытау облысы әкімдігінің шенеунігі археологиялық қазба жұмыстарына қатысты пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
"Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті", – деп жазылған хабарламада.
Күдікті қазір қамауда.
"Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.", – деп қорытындылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Оқи отырыңыз: Археолог: Қазақстандағы ақсүйек обаларының 99 пайызы тоналған