Тікелей эфир

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының меншігі отандық инвесторға беріледі

Үкімет шетелдік инвесторларды қарастырмайды.

Қазақстан Республикасының үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ активіне шетелдік инвесторларды тартпайды, деп мәлімдеді ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

"Үкімет Қазақстан Республикасының пайдасына меншік құқығы берілгеннен кейін ешқандай шетелдік инвесторларды қарастырмайды. Кәсіподақпен жасалған ұжымдық шарттар негізінде кәсіпорында қазіргі уақытта бар барлық жағдайлар, жалақы, жұмысшылар саны өзгеріссіз қалады", – деді Қанат Шарлапаев.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ иелігіндегі Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейін қазақстандық металлургиялық компания Қазақстанның меншігіне өтеді деп шешілді. Еске сала кетейік, халықаралық АрселорМиттал корпорациясы Теміртаудағы шахталарға 1995 жылдан бері иелік етеді.

Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" акционерлерден кеткеннен кейін компания атауын өзгертетінін айтты. Жаңа атауды таңдау кезінде қызметкерлердің пікірлері ескерілетін болады.


Оқи отырыңыз: "Қазаның орнын ешқандай өтемақы толтыра алмайды". "АрселорМиттал Теміртау" шахтадағы апат туралы мәлімдеме жасады.


Министрлер кабинеті компания акционерлерімен алдын ала келісімдерге қол жеткізіп, мәмілені аяқтауда. "АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа басшысы болып Вадим Басин тағайындалды. Ол 2017-2021 жылдар аралығында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ директоры болды.

Серіктестер жаңалықтары