Тікелей эфир

"Қазаның орнын ешқандай өтемақы толтыра алмайды". "АрселорМиттал Теміртау" шахтадағы апат туралы мәлімдеме жасады

Костенко шахтадасындағы апат салдарынан 36 адам қайтыс болғаны расталды, 10 кенші іздестіріліп жатыр.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Костенко шахтасындағы апат туралы мәлімдеме жариялады.

"Костенко көмір кені, Қазақстандағы біздің Теміртау жұмысымыздың бір бөлігі. 36 адам қайтыс болғаны расталды, 10 кенші іздестіріліп жатыр. Жарылыс кезінде 252 адам жер астында болған. Орны толмас қайғыда айтарға сөз жоқ. Қаза тапқандардың отбасыларымен және әріптестерімен біргеміз. Біз олардың қайғысы үшін тиісті өтемақы жоқ екенін түсінеміз, бірақ біз алдағы уақытта оларға қолдау көрсету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды


Компания мәліметінше, ArcelorMittal Қазақстандағы бұл шахталарға 1995 жылдан бері иелік етеді. Хабарламада "шахталарды пайдалану кезінде күрделі геологиясына байланысты қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді" деп жазылған. Соның салдарынан екі жылдың ішінде адам өліміне әкелген апаттар болды.

"2020 жылдан бері "АрселорМиталл Теміртау" өндірістегі қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсарту үшін айтарлықтай күш салғаны көңілге жұбаныш бола алмайды. Жағдайды тұрақтандыруға айтарлықтай күш-жігер жұмсалғанымен, біз Қазақстан үкіметімен операцияның тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа жол іздеуге келістік. Бірнеше ай бұрын біз "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының меншік құқығын үкіметке қайтару туралы келіссөздер жүргіздік. Ал өткен аптада осы қайғылы оқиғаның алдында принципті келісімге қол қойдық", – деп хабарлады компанияның баспасөз орталығы


Оқи отырыңыз: "АрселорМиттал Теміртау" меншік құқығы Қазақстанның пайдасына беріледі


Компания мәлімдемесінде Қазақстан үкіметі мұны бұған дейін президент пен премьер-министр зауытқа келгенде растап, келісімді тезірек аяқтауға тырысатындарын айтқаны жазылған.

"Әріптестеріміздің қазасына қайғырамыз. Президент Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл күн ArcelorMittal компаниясы үшін де ұлттық аза тұту күні. Бұл қайғылы апат қауіпсіздікті көтеру үшін қанша жақсы жұмыс жасасақ та, әлі де көп нәрсе істеу керек екенін еске салады. Бізде одан артық нәрсе жоқ", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 28 қазан күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке компаниямен инвестициялық серіктестікті тоқтатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Серіктестер жаңалықтары