
Түркістан облысындағы балаларға бұл сыйлықты СберБанк тарту етті.
Ерекше қажеттілігі бар жандарға көмек қолын созу – СберБанктің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі.
Банк көп жылдар бойы түрлі әлеуметтік жобаларды қолдап, іске асырып келеді. Оған дәлел – "Балдәурен" балалар орталығына көрсетілген көмек, аталған мекемеге ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде арбаға таңылған балаларды уақытылы әрі жайлы тасымалдауға арналған 11 орындық екі шағын автобус-инватакси кілті табысталды. Инватакси Жетісай қаласы және Түркістан облысындағы шалғай ауылдар бағытында қызмет көрсетеді.
2017 жылы "Балдәурен" күндізгі тынығу орталығы құрылған кезде балаларды тасымалдау үшін арнайы көліктер болмады, таксимен қатынауға тура келді, бұл, әрине, қолайсыздық туғызады.
"Балаларды аялайық" қоғамдық қайырымдылық қоры балалар орталығына көмектесетін демеушілер іздеуді жөн санады.
"Біз бір ай бұрын бірнеше ұйымға қайырымдылық көмегін көрсету туралы хат жолдаған болатынбыз. Жобаны СберБанк қолдап, бізге қуаныш сыйлады. Енді орталықтағы 50 тәрбиеленуші бала мекемеге дейін еш кедергісіз әрі жайлы жете алады. Банкке бастамамызды қолдап, қайырымдылық акциясына қатысқаны үшін алғыс білдіреміз", – деді "Балаларды аялайық" қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Жармахан Аден.
Бүгінде "Балдәурен" күндізгі тынығу орталығы – 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі арнайы күтімді талап ететін ерекше балалармен әлеуметтік-оңалту жұмыстарын жүргізетін мекеме. Бұл жерде балаларға өзін жайлы сезіну үшін арнайы жағдай жасалған. Мамандар психологиялық жайлылық атмосферасын қалыптастырады, сондай-ақ баланы ортаға бейімдейді және танымдық белсенділігін арттырады.
Қайырымдылық және демеушілік – "Сбербанк" АҚ ЕБ-ның корпоративтік мәдениетінің бір саласы және қоғам өміріне атсалысудың дәстүрлі бағыты. Банк қоғамның аз қорғалған мүшелеріне қолдау көрсетуді өзінің борышы әрі міндеті деп біледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-