Жазушылар одағы Ақын Нұртас Исабаевтың жаназа намазы 11 шілдеде Алматыда Абай даңғылы, 16-үйде оқылатынын хабарлады.
Жаназа рәсімі сағат 10.00-ге жоспарланған.
Ал асы сағат 12.30-да Желтоқсан көшесі, 167 мекен-жайындағы "Қабылдау үйінде" беріледі.
Еске салайық, ақын, аудармашы, Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Исабаев кеше 72 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Нұртас Исабаевтың алғашқы жыр жинағы "Бастау" 1980 жылы жарық көрді. Кейін "Өмірді сүю" (1987), "Ұлылықпен сырласу" (1990), "Қимаймын сені" (1998), "Өмірге құштарлық" және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманға жол тартты. Ақынның бірқатар өлеңдері "Разбег" атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.
Белгілі ақын Нұртас Исабаев өмірден өтті