USD: 466.7 / 469.3
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.81 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Белгілі ақын Нұртас Исабаев өмірден өтті

Фото: Жазушылар одағы
Фото: Жазушылар одағы
Ол 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ақын, аудармашы, Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұртас Исабаев 72 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы таратты. 

Жазушылар одағының жазуынша, Нұртас Исабаев 1954 жылдың 13 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдениет қайраткері" төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, "Құрмет" орденінің иегері.

Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын аудандық газетте корректор болып бастаған. 1982 жылы Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған.

Нұртас Исабаевтың алғашқы жыр жинағы "Бастау" 1980 жылы жарық көрді. Кейін "Өмірді сүю" (1987), "Ұлылықпен сырласу" (1990), "Қимаймын сені" (1998), "Өмірге құштарлық" және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманға жол тартты. Ақынның бірқатар өлеңдері "Разбег" атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау