Ақтөбеде жаңа бетондық скейтпарк ашылды, ол самокат, скейт және волосипед тебетін жастар үшін жаңа кеңістікке айналады. Скейтпарктің ашылуына орай, алаңда кәсіби атлеттер өнер көрсетіп, шеберлік сағаттарын өткізді.
Жаңа скейтпарк халықаралық стандарттарға сай, спортшылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған және өңір жастары үшін басты тартылыс орталығына айналады. Бұл орын тек жаттығулар мен жарыстар өткізуге мүмкіндік ашып қана қоймай, спорт пен көше мәдениетін біріктіретін бірегей қалалық кеңістік қалыптастырады.
Айта кетейік, бұл паркті салуға бизнес өкілдері, атап айтқанда Gorilla Asia компаниясы қолдау көрсеткен. Ол жыл сайын 300 млн теңгеден астам қаржы бөліп, жаңа нысандар салып, жұмыс істеп тұрған спорт алаңдарын қолдап келеді.
"Скейтпарктің Ақтөбеде ашылуы – Қазақстанда заманауи алаңдарды дамыту стратегиямызды жүзеге асырудағы келесі қадам. Біз парк BMX, самокат, скейт бағыттарындағы ауқымды іс-шаралардың орталығына айналады деп сенеміз. Белсенді өмір салтын қолдай отырып, біз мәдениетке, қоғамға және болашақ ұрпаққа үлес қосамыз. Біз көше энергиясы, қозғалыс пен жастар құндылықтары тоғысатын орындарды жасап жатқанымызды мақтан тұтамыз", – деді Gorilla Asia компаниясының бас директоры Дмитро Яковцев.
USD:
505.5 / 508.5
EUR:
587.5 / 592.5
RUB:
6.47 / 6.59