Тікелей эфир

Ақтөбеде оқып, қалай ұлыбританиялық Heriot-Watt дипломын алуға болады?

2023 жылы Heriot-Watt университетінің қазақстандық филиалына мемлекеттік грант негізінде 300 студент қабылданады.

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында ашылып жатқан Heriot-Watt университетінің филиалына 2023-2024 оқу жылына студенттерді қабылдау кезеңі басталды. Бұл туралы университет ректоры Лаура Қарабасова хабарлады

2023-2024 оқу жылына мемлекеттік грант негізінде 300 студент келесі мамандықтар бойынша қабылданады: 

  • Электр энергетикасы (ҰБТ-дағы бейіндік пәндері – математика-физика);
  • Геоинженерия (бейіндік пәндер – математика-физика);
  • Компьютерлік инженерия (бейіндік пәндер – математика-информатика). 

Үміткерлерге қойылатын талаптардың бірі – Ақтөбе қаласында Heriot-Watt университеті өткізетін IELTS форматындағы емтиханға қатысу. Емтихандар 29-30 сәуірде және шілде айында өткізіледі.


Оқи отырыңыз: В Актобе откроют филиал британского университета Heriot-Watt


Талапкердің IELTS көрсеткіші 5 баллдан жоғары болуы (2 секцияның көрсеткіші 4,5 баллдан төмен емес) тиіс. 

Еске салайық, биыл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ұлыбританиялық Heriot-Watt университеті және Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті арасында ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылған болатын. Оның негізінде Жұбанов университетінің базасында биылдан бастап Heriot-Watt университетінің филиалы жұмыс істейді. 

Серіктестер жаңалықтары