USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Ақтөбеде бес велосипед ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ұрланған велосипедтер сатылып кеткен.

Ақтөбе қаласында бірнеше велосипед ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, қолға түскен. Ол кемінде бес бірдей велосипед ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді.

"Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті алғашында Г. Жұбанов көшесінде жасөспірімнің велосипедін еркін қол жеткізу арқылы ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған. Бірнеше күннен кейін ол тағы да қылмыс жасап, 11-шағын аудандағы көпқабатты үйдің кіреберісінен троспен бекітілмеген AVA маркалы спорттық велосипедті қолды еткен. Бұл жолы жәбірленушіге 90 мың теңге көлемінде шығын келген. Белгілі болғандай, күдікті ұрланған велосипедтерді бейтаныс адамдарға сатып жіберген. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның қала аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Полиция департаменті тұрғындарға сақ болуды ескертеді: велосипедтерді подъездерде немесе көшеде қараусыз қалдырмау, міндетті түрде сенімді құлыптар пайдалану және мүмкіндігінше жабық немесе бейнебақылауы бар орындарда сақтау қажет.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз