31 миллион теңге: ұрлық жасады деген күдікке ілінген әйел Ресейден экстрадицияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.

"Тергеу нұсқасы бойынша ол 2015-2017 жылдар аралығында Астана қаласы банктерінің бірінің филиалының жетекші менеджері бола отырып, сомасы 31 миллион теңгеден астам ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған", – деп жазылған хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Өткен жылдың маусым айында іздеуде жүрген адам Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында ұсталды және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айта кетері, мұндай қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз