Олардың 8 жылда жалақы өспеді деген айыбын облыстық жедел жәрдем станциясының басшылығы жоққа шығарды.
Ақтауда жедел жәрдем жүргізушілері жалақы аздығын айтып наразылық білдірді. Олардың сөзінше, еңбекақы соңғы 8 жылда өспеген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Наразылық білдірген жедел жәрдем жүргізушілері өздерінің күні-түні науқастарды таситынына қарамастан медицина қызметкері санатына жатпайтынына түсінбей дал. Еңбекақы мөлшерінің көтерілмеуін де осымен байланыстырады.
"Біздің медициналық қызметкер санатына жатпайтынымызды айтады. Содан да жалақы 2014 жылдан бері көтерілген жоқ. Әр жылдың басында осылай жиналамыз, басшылық уәде береді. Ал іс жүзінде мәселе шешілмейді", – дейді жедел жәрдем жүргізушісі Ержан Меңдалиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді
Жүргізушілер, сондай-ақ, қызметтік көлік бұзылғанда да әбден қиналатынын айтады. Басшылық істен шыққан техниканы дер кезінде жөндеудің орнына, "барлығы порталмен жасалады" деп қысқа қайырады екен.
Ал облыстық жедел жәрдем станциясының директоры жүргізушілердің жалақысы 2020 жылдан бері екі мәрте мекеменің өз қаражаты есебінен артқанын алға тартып, жүргізушілердің сөзін жоққа шығарды.
"Басқа жақтарда барлық жүргізушілер 78 мың теңге жалақы алады. Ал біз мекеменің есебінен 2020 жылы 12 мың теңге қостық. 2021 жылы тағы 13 мың теңге қостық. Сонымен мекеменің есебінен жедел жәрдем жүргіушілерінің еңбекақысы үкімет бекіткен айлық жалақы үстіне 25 мың теңгеге артты", – дейді Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының директоры Айларбек Шыршықбаев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
372
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
329
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
310
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
328
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
297
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
288
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
265
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
303
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
305
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
292
-
0
-
0
-