USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

Екі жүргізуші мен үш фельдшер жарақат алған.

Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті, деп хабарлады Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб.

Хабарламаға сүйенсек, жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалып, екі жүргізуші мен үш фельдшер жарақат алған.

Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі зақымдалып, төрт автокөлік жарамсыз күйге түскен.

"Мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында үш көлік тәркіленіп, кейін кері қайтарылды",– деп жазылған хабарламада.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз