Тікелей эфир

Ақтауға теңіз туризмін іздеп келетін шетелдіктер қанша жарна төлейді?

Енді олар қалаға келу құнының 1 пайызы мөлшерінде ақы беру керек.

Ақтауға келетін шетелдіктер туристік жарна төлейді. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлады.

Қалалық мәслихат депутаты Гүлмира Әбішеваның айтуынша, бұл ақша өңірді дамытуға жұмсалады.

"Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесі – тұру құнының 1 пайызы мөлшерінде бекітілді. Мұндай туристік жарна төлеу тәжірибесі Грузия, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері сынды әлемнің көптеген елінде жолға қойылған. Шетелдік туристерден алынатын ақша Ақтаудағы туризмді дамыту бағытына жұмсалмақ. Соңғы кездері өңірге келетін туристер саны көбейгенін ескерсек, қазынаға әжептеуір қаржы түсуі мүмкін", – деді қалалық мәслихат депутаты Гүлмира Әбішева. 

Шешім қалалық мәслихат сессиясында қабылданды. Он күннен соң қолданысқа енгізіледі. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары