Тікелей эфир

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қазақстанға Azerbaijan Airlines өкілдері келді

Жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізіліп жатыр.

Деректерді ұсыну және азаматтық авиациядағы және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнында. Тергеп-тексерудің қырдағы кезеңі аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанға Әзербайжан Республикасы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сонымен қатар Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді. Жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүргізіліп жатыр.

"Сонымен бірге Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компания өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді. Ақтау қаласына премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия құрамында ҚР көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Нұржан Ахметов барды", – делінген хабарламада.

Еске салайық, ҚР Төтенше жағдайлар министрліні қазақ болған Қазақстан азаматтарының тізімін жариялады. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары