Астанада ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы орташа есеппен 500,02 теңгеге, Алматыда 499,28 теңгеге жетті.
Сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 500 теңгеден сатылып, 495 теңгеге алынып жатыр. Ал Алматыда валютаны сату 498,77 теңге, сатып алу 496,88 теңге болып тұр.
ҚР Ұлттық банктің 18 қарашадағы ресми бағамы 495,95 теңге деңгейінде белгіленді.
Оқи отырыңыз: "Валюталық интервенция жүргізуге дайынбыз". Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы құлдырауын түсіндірді
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айырбас бағамының консервативті болжамы бойынша алдағы үш жылда бюджетте доллар бағамы 470 теңге деңгейінде болатынын жеткізген еді.