USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

АҚШ-та жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Бортта 64 адам болуы мүмкін.

АҚШ-та Вашингтон әуежайына жақын жерде шағын ұшақ әскери тікұшақпен соқтығысып, өзенге құлады. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды USA Today. 

Апат Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырымдай жерде орналасқан Рональд Рейган әуежайының маңында болды. Әуежай рейстерді уақытша тоқтатты.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған ұшақ Канзас штатынан ұшып шыққан. Вичитадан Вашингтонға жоспарлы рейспен ұшып келе жатқан ұшақ қонуға келе жатқанда әуеде әскери тікұшақпен соқтығысты.

Әуе кемесінің түрі – Bombardier CRJ700, ол 78 жолаушыны қабылдай алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз