USD: 472.3 / 475.3
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

АҚШ-та кеме соққаннан кейін көлік жүретін көпір қирап қалды

Кейінірек көпірде кетіп бара жатқан кем дегенде жеті көліктің суға құлағаны белгілі болды.

 

АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Балтимор қаласында контейнер таситын кеме автокөлік жүретін көпірге соғысты, деп хабарлайды The Telegraph. Оқиға салдарынан 2,6 шақырымға созылған төрт жолақты Фрэнсис Скотт-Ки көпірінің бір бөлігі суға құлады.

"I-695 Key Bridge көпірінде орын алған оқиғаға байланысты екі бағыттағы барлық жолақ жабылды. Көліктер айналма жолмен өтіп жатыр", – делінген Мэриленд көлік басқармасы таратқан мәлімдемеде.

Апат кезінде көпірде көліктер болуы мүмкін. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Кейінірек қалалық өрт сөндіру қызметінің өкілі Кевин Картрайт көпірде кетіп бара жатқан кем дегенде жеті көліктің суға құлағанын растады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау