Тікелей эфир

АҚШ-та дәрігерлер гипербелсенді балаларды видео ойындармен сауықтырмақ

Ойын мидың зейін қызметінде басты рөл атқаратын бөліктерін жақсартуға және ынталандыруға бағытталған. 

Америкада гипербелсенді балаларды компьютерлік ойындардың көмегімен емдеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды bbc.com сайты. 

АҚШ дәрігерлері кей балаларға EndeavorRx видео ойынын ойнауға кеңес береді. Аталған ойында балалар ғарыш кемесінде түрлі зат жинайтын адамды басқарады. 

Нейробиолог ғалымдар мен IT мамандар бірлесіп әзірлеген ойын мидың зейін қызметінде басты рөл атқаратын бөліктерін жақсартуға және ынталандыруға бағытталған. 

АҚШ-тың Джорджия штатындағы Саванна қаласының 13 жастағы тұрғыны Овейннің зейіні мен оқу үлгерімі нашарлаған. Тағайындалған дәрі-дәрмектерден баланың жүрегі айнып, бас ауруы күшейген. Осыдан кейін дәрігерлер оған EndeavorRx ойынын ойнауға кеңес беріп, ата-анасына ойынның сілтемесін жібереді. Көп ұзамай ата-анасы баласының бойынан оң өзгерістерді байқай бастайды. Овейннің оқу үлгерімі мен тәртібі жақсарған. 


Оқи отырыңыз: Tez Tap қазақша үстел ойыны қалай танымал интеллектуалды сайысқа айналды?


Бостондағы EndeavorRx ойынын жасаған Akili техникалық фирмасы оны Еуропа нарығына шығаруды жоспарлап отыр. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары