Дархан Қыдырәлінің айтуынша, баспасөз картасын министрлік емес, журналистік қауымдастық тарапынан құрылатын комиссия береді.
Үкімет кулуарында журналистер ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліден "Масс медиа туралы" заң жобасындағы баспасөз картасының неге енгізіліп отырғанын сұрады.
"Баспасөз картасы журналистің мәртебесін айқындау, оларды блогерлерден айыру үшін беріледі. Жалпы, Еуроодақтың біраз мемлекетінде және Түркияда біраз жылдардан бері кеңінен қолданылады. Сондықтан, баспасөз картасын тәжірибесін шетелден алып отырмыз", – деп түсіндірді министр.
Оқи отырыңыз: Ақпарат министрі Қазақстанды Ресей пропагандасынан қорғау жөнінде пікір білдірді
Министрдің айтуынша, блогерлер қызметі "Масс медиа туралы" заңымен емес, енді қолға алынған онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заңмен реттеледі.
"Кәсіби журналистер өзін блогерлерден айыру туралы айтып отыр. Сондықтан, блогерлер үшін онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы бөлек заң әзірлеп жатырмыз. Ал "Масс медиа туралы" заң кәсіби журналистердің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған", – деді министр.
Дархан Қыдырәлінің айтуынша, баспасөз картасын Ақпарат министрлігі емес, журналистік қауымдастық тарапынан құрылатын комиссия береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-