"Ақмола жастары" ипотекасының негізгі шарттары белгілі болды

Бастапқы жарна – пәтердің 10 пайызына тең.

Жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламаларының қатарына "Ақмола жастары" бағдарламасы қосылады. Отбасы банкінің Ақмола облыстық филиалы өңірлік ипоеканың негізгі шарттарын жария етті, деп хабарлады Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бағдарламаға облыстың 35 жасқа дейінгі тұрғындары қатыса алады.

  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Несие мерзімі – 19 жыл;
  • Несие сомасы – 15 млн теңгеге дейін.

Бірінші кезекте тұрғын үй бағдарламасына Көкшетау қаласының жастары қатысады. Өйткені, өңір жастарының басым бөлігі облыс орталығында тұрады.


Оқи отырыңыз:


Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірдегі жастардың үлесі 153 мың адамнан асады, бұл облыс халқының жалпы санының 20% құрайды. Қалада 68 510 жас, ал ауылдық жерлерде 84 872 жас тұрады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз