Ақмола облысында хореография сабағы кезінде 10 жастағы қыз қайтыс болды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Анасының айтуынша, кәмелетке толмаған бала бронхиалды демікпемен (астма) ауыратын.

Ақмола облысы, Қосшы қаласында 29 қаңтар күні қоғамдық мәдени-спорт кешенінде өткен хореография сабағы кезінде кәмелетке толмаған баланың жағдайы күрт нашарлап, оның өмірін сақтау мүмкін болмады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 16:18-де №152 жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен. Баланың дене қызуы көтерілмеген, жарақаты болмаған, құрысып қалу белгілері байқалмаған. Алғашында шақырту төртінші жеделдік санатына жіберілген. Бірақ арада аз уақыт өткен соң жағдайдың күрт нашарлағаны туралы қайта хабарлама түскен, сол кезде шақырту екінші жеделдік санатына ауыстырылған.

Баланың анасының айтуынша, кәмелетке толмаған бала бронхиалды демікпемен (астма) ауыратын. Жедел жәрдем бригадасы келген сәтте дәрігерлер реанимациялық шараларды қолданғанымен, биологиялық өлім оқиға орнына жеткенге дейін тіркелген. Өлімнің нақты себебі әлі анықталып жатыр.

Ақмола облыстық полиция департаменті қазаны тіркеп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары