Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар сотталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелді.

Ақмола облысында су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлағандар сотталды, деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" серіктестіктерінің басшыларына қатысты сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл қаражат 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үй салуға бөлінген болатын. Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелді.

"Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар аса ірі көлемде жымқыру және қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сегіз жыл алты айға және жеті жыл алты айға бас бостандықтарынан айырылды. Мүліктері тәркіленді", – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары