Біржан сал ауданында 15 күнде кеселден өлген мал саны 40-тан асса, 2 мыңға жуық сиыр ауру жұқтырған.
Ақмола облысында белгісіз мал ауруы тарап, ірі қара жаппай қырылып жатыр. Бір ғана Біржан сал ауданында соңғы 15 күнде кеселден өлген мал саны қырықтан асса, 2 мыңға жуық сиыр ауру жұқтырған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Тұрғындардың айтуынша, малдың аузынан ақ көбік ағып, көп ұзамай өліп қалады екен. Алайда аудандық ветеринария қызметі ірі қарада жиі кездесетін ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы, аусыл сияқты аурулардың вирусын таппаған. Соған байланысты мамандар төрт түрлі ауру белгісі бар малдан сынама алып, Нұр-Сұлтандағы зертханаға жіберген.
Белгісіз кесел ауданның бір-біріне жақын орналасқан елді мекендерінде көп тіркеліп жатыр. Қазіргі таңда Біржан сал ауданындағы 10 ауылда төрт түлікті аман алып қалу үшін мал дәрігерлері емдеу шараларын жүргізуде. Алайда дәрі-дәрмекті мал иелері өздері сатып алуы тиіс. Олардың айтуынша, ауырған ірі қараға салынатын екпенің бағасы қымбат. 7 мың теңге тұратын екпенің бір дозасы тек бір малға ғана жетеді.
Оқи отырыңыз:
- Солтүстік Қазақстанда белгісіз індеттен мал қырылып жатыр
- Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық ірі қарадан сарып ауруы анықталды
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-