Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақмола облысында балалар шаңғысының жаттықтырушысы гашиш сатқаны үшін сотталды, деп хабарлады облыстық қылмыстық сот.
Оны Астанадан есірткі затын сату мақсатында Аршалы ауданына алып бара жатқан жерінде полиция қызметкерлері ұстады. Оның көлігін тінту кезінде жүк салғышынан жалпы салмағы 39 келіден асатын төрт қап гашиш табылды.
Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды: кәмелетке толмаған балалардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Жаттықтырушы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, тәркіленген есірткі жойылды.
Оқи отырыңыз: Президент есірткі қылмыстарына ең ауыр жаза тағайындауды ұсынды