Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2026 жылғы жазғы маусымда Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды жалғастырады. Бұл туралы әуе компаниясы хабарлады.
Бұл бағыт 2025 жылғы 29 қарашада іске қосылған болатын және бастапқыда 2026 жылғы 24 наурызға дейін ғана жоспарланған. Алайда жолаушылар тарапынан жоғары сұранысқа байланысты әуекомпания рейстерді жазғы кезеңге ұзарту туралы шешім қабылдады.
"Жазғы маусымда рейстер 2026 жылғы 31 наурыз бен 24 қазан аралығында аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ақтаудан ұшу сейсенбі күндері сағат 09:05-те, сенбі күндері 09:25-те жоспарланған. Ал Дубайдан кері рейстер жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-де жүзеге асырылады. "Стандарт" тарифі бойынша әуебилеттердің құны бір бағытқа 58 мың теңгеден басталады. Атырау қаласының тұрғындары үшін Атырау – Дубай бағыты сенбі күндері Ақтау арқылы ыңғайлы түйіспемен қолжетімді. Сонымен қатар Ақтөбе, Алматы, Астана, Шымкент және Орал қалаларының жолаушылары да FlyArystan рейстері арқылы Ақтауға ұшып, сапарын Дубайға жалғастыра алады", – делінген хабарламада.
Қазақстан мен БАӘ арасында визасыз режим қолданылады. Әуебилеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы, ресми сайт және өзге де сату арналары арқылы сатып алуға болады.
USD:
463.1 / 465.7
EUR:
543.5 / 548.5
RUB:
6.01 / 6.13