Аптасына 2 рет: енді Алматыдан Қытайдың Чэнду қаласына тікелей ұшуға болады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Алматы – Чэнду аптасына екі рет қатынайды.

30 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайы Air China әуекомпаниясының Чэнду – Алматы бағыты бойынша жаңа рейсін салтанатты түрде қабылдады. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақ Қытайдың Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайынан ұшып келді. Осылайша Алматы мен Қытайдың ірі мегаполисі Чэнду арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылды. Алматы – Чэнду бағытындағы рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшулар Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Әуежайдың мәліметінше:

  • Алматыдан ұшу уақыты – 21:30,
  • Чэндуға келу уақыты – келесі күні жергілікті уақыт бойынша 04:30.
  • Чэндудан Алматыға дейінгі ұшу уақыты шамамен 3,5 сағатты құрайды,
  • Кері бағыттағы рейс 5 сағатқа жуық уақыт алады.

Жаңа тікелей бағыттың іске қосылуы жолаушылар үшін айтарлықтай қолайлы болады. Себебі ол ауысып мінетін рейстермен салыстырғанда жол жүру уақытын кемінде 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары