Бұған дейін көш бастаған Apple 57,6 млрд АҚШ долларын жоғалтқаннан кейін рейтингте екінші орынға төмендеді.
Brand Finance компаниясы әлемдегі ең қымбат брендтердің есебін жариялады. Amazon құны 350,3 млрд АҚШ долларынан 299,3 млрд АҚШ долларына түсіп кеткеніне қарамастан рейтингте бірінші орынға жайғасты.
Биыл Amazon бренді 50 миллиард АҚШ долларын жоғалтты. Клиенттерге қызмет көрсету сапасы, жеткізу мерзімінің артуы секілді факторлардан соң тұтынушылар Amazon-ды басқаларға ұсынуды азайтқан. Пандемия кезіндегі шектеулер алынып тасталғаннан кейін адамдар онлайн сауда жасағаннан гөрі, бұрынғыдай өздері сатып алуға көшкен.
355,1 млрд АҚШ долларына бағаланған Apple құны 297,5 млрд АҚШ долларына түссе де, әлемдегі екінші қымбат бренд болып отыр.

Оқи отырыңыз:
- Бизнес туралы 2021 жылы жарық көрген үздік 15 кітап. Amazon нұсқасы
- Amazon шығарған Alexa құрылғысы қайтыс болған адамдардың дауысымен сөйлейді
Рейтингте барлығы 48 технологиялық бренд бар. 2022 жылы олардың саны 50 болған еді. Биыл Snapchat пен Twitter рейтингке кірмеді. Технологияға бағдарланған Samsung Group, Alibaba.com, Facebook, WeChat секілді брендтердің де құны күннен-күнге түсіп жатыр.
Технология секторында қызметтерін коммерцияландыру бойынша стратегияларын жақсы жүзеге асырудың арқасында Instagram (42%-ға, 47,4 млрд АҚШ долларына дейін) мен LinkedIn (49%-ға, 15,5 млрд АҚШ долларына дейін) брендтерінің құны өсті.
Электромобиль шығаратын Tesla мен BYD брендтерінің де құны артып келеді, себебі төмен көмірсутекті экономикаға көшуге байланысты электромобильдерге сұраныс артып келеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
367
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
353
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
344
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
335
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
319
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
313
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
298
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
309
-
3
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
290
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
251
-
0
-
1
-