Тікелей эфир

Бизнес туралы 2021 жылы жарық көрген үздік 15 кітап. Amazon нұсқасы

Тізімде Нобель сыйлығының иегерлері мен өткен жылдың бестселлерлерінің атворлары бар.

Amazon редакторлары бизнес туралы 2021 жылы шыққан үздік 15 кітапты атады. Оларға сыншылар мен сатып алушылар жоғары баға берген. Тізімге Нобель сыйлығының иегерлері мен өткен жылдың бестселлерлерінің атворлары кірді.

1. "Жұмыс: тас ғасыран бастап роботтар дәуіріне дейін қамтыған ауыр оқиға" ("Работа: сложная история от каменного века до эпохи роботов"), Джеймc Сазман

Уортон бизнес мектебінің антропологы, профессоры Джеймс Сазман адамзат тарихында жұмысқа деген қарым-қатынастың қалай өзгергені туралы баяндайды.  

2. "Өз әлеміңізді өзгертіңіз" ("Измените свой мир"), Джон К. Максвелл мен Роб Хоскинс

Лидер болу мәселелерінің сарапшылары оқырманмен әлемдегі қоғамдастық, бизнес және миллиондаған адамның өмірі қалай өзгергені туралы баяндайды. Сондай-ақ өз тәжірибесін бөліседі.  

"Өз әлеміңізді өзгертіңіз" кітабы сізге әлемді бүгіннен бастап өзгертуге, іске кірісіп кетуге көмектеседі", – деп түсіндірді Amazon редакторлары.

3. "Жер" ("Земля"), Саймон Винчестер

Танымал тарихшы Саймон Винчестер жекеменшікке деген құштарлықтың бүгінгі күнімізге қалай әсер еткені туралы айтады.

"Ол біздің жерге қалай иелік етіп, оны қалай басқаратынымызды, неліктен бұлай күрес жүргізетінімізді, сондай-ақ, жерді қалай бөлісетінімізді зерттейді", – дейді Amazon редакторы.

4. "Жұмыс сізді жақсы көріп кетпейді" ("Работа не будет любить вас в ответ"), Сара Джаффе

Автор "сүйікті жұмысыңмен айналыс" деген кеңестің неге дұрыс еместігін түсіндіруге тырысады. Сондай-ақ Джаффе мамандықты ерекше әдіспен таңдауды ұсынады. Ал Amazon редакторлары пандемиядан кейін көптеген адамның айналысып жүрген ісі туралы ойланғанын, кітаптың дәл уақытында шыққанан айтады.

5. "Ішкі дауыс" ("Внутренний голос"), Итан Кросс

Итан Кросс — адамның өз өміріне анализ жасау тақырыбын зерттеп жүрген эксперименталды психолог және нейробиолог. Кітабында адамның өз өзімен сөйлесуін зерттеп, ішкі дауыстың бақытты, денсаулықтың мықты әрі еңбексүйгіш болуға қалай әсер ететінін айтады. Танымал психолог әрі жазушы Анджела Дакворт кітапқа "шедевр" деген баға берді.

6. "Сақадай сай болыңыз" ("Будьте начеку"), Санджай Гупта

"Санаңыздың мәңгі тың әрі сау болғанын қаласаңыз, ғылымға негізделе отырып жазылған осы кітапты алыңыз", – деп сипаттады туындыны нейрохирург әрі CNN бас медицина тілшісі Санджай Гупта.

7. "Сіз колледжге төлейтін құн" ("Цена, которую вы платите за колледж"), Роб Либер

New York Times әйгілі колумнисі және "Ерке-тотайлықтың қарама-қарсы жағы" ("Противоположность избалованности") бестселлерінің авторы отбасындағы қаржылай қиындықтың шешімі туралы жазады.

8. "Бір-біріміздің алдымызда қандай қарызымыз бар" ("Что мы должны друг другу"), Минуш Шафик

Лондон бизнес мектебінің директоры мен Дүниежүзілік банктің бұрынғы вице-президенті пандемияның адамдардың бір-бірінің алдындағы міндеттерін қайта ой елегінен өткізуге себепші болғанын айтады.

 9. "Тағы бір рет ойланыңыз" ("Подумайте еще раз"), Адам Грант

Америкалық психолог және Уортон бизнес мектебінің профессоры жаңа кітабында ойлау қабілетінің терең болуы, күдікпен қарау, құмарлық және пікірді өзгертуге дайын болу сынды қасиеттердің қаншалықты маңызды екеніне тоқталады.

10. "Шу", Даниэль Канеман, Оливье Сибони мен Касс Санштейн

Amazon нұсқасы бойынша, Даниэля Канеман, Касса Санстейн және Оливье Сибони туындысы көркем әдебиет емес жанрдағы асқан жылдамдықпен сатылған жиырма кітап тізіміне енген.

11. "Мұң империясы" ("Империя боли"), Патрик Радден Киф

Кітапта Purdue Pharma фармакология компаниясының негізін салған Саклер отбасының үш ұрпағы туралы баяндалады – олардың опиоид кризисі кезіндегі рөлі туралы.

New York журналы "Мұң империясы" кітабының Саклерлерге арналған туындылардан ерекше екенін айтады –мұнда отбасы тарихы баяндалған.

The New Republic шолушысы кітапты "жемқорлыққа белшесінен батқан үкіметтің адамдардың сараңдығына қалай әсер еткенін баяндады" деп баға берді.

12. "Өзімді қалай өзгертемін" ("Как изменить себя") Кэти Милкман

Өміріңізді немесе әдеттеріңізді өзгерткіңіз келе ме? Олай болса, Уортон бизнес мектебінің профессоры Кэт Милкманның әдеттеріңіздің түбегейлі өзгеруіне әсер ететін ғылыми нұсқаулығын алыңыз.

13. "Климаттық апаттардың қалай алдын аламыз" ("Как избежать климатической катастрофы"), Билл Гейтс

Миллионер адам әрекетінің климатқа қалай әсер ететінің, оның қандай зиынды салдары болуы мүмкін екенін баяндайды. Сондай-ақ, филантроп оның алдын алуға қатысты нұсқаулықтар ұсынады.

14. "Шарықтау" ("Взлет"), Эрик Бергер

"Илон Масктың сенім ұялата қоймайтын стартаптан әлемге әйгілі ғарыш компаниясына айналған SpaceX жобасы, аспан әлеміне жасалған тарихи сапарлар туралы", – деп жазады Amazon.

15. "Электронды поштасыз өмір" ("Мир без электронной почты"), Кэл Ньюпорт

Компьютер ғылымдары профессоры тағы бір кітаппен оралды. Ол ойды бөлетін әртүрлі әсер етуші фактор барда технологияларды қалай меңгеріп, өнімді жұмыс істеу үшін не істеуге болатыны туралы айтады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары