Тікелей эфир

"Алтын орда" базары иелерінің бірінің ұсталуына қатысты туыстары мәлімдеме жасады

Данияр Әлпиев Алматы облысы Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

20 желтоқсанда "Алтын Орда" базарының құрылтайшыларының бірі Данияр Әлпиевтің Алматы облысы Қарасай ауданындағы уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды. Тергеу сотының отырысы ертең, 22 желтоқсанға белгіленген. Бұл туралы Orda басылымы Данияр Әлпиевтің бауыры Бақытгүл Әбекеноваға сілтеме жасап хабарлады. 

Бақытгүл Әбекенованың басылымға берген ақпаратына сәйкес, Данияр Әлпиев Қарасай ауданының прокуратурасына түсініктеме беру үшін барған кезінде қамауға алынған. 

"Кеше менің бауырым Данияр Әлпиев қамауға алынды, ол "Алтын Орда" базарының негізін қалаған Алтынбек Әлпиевтің ұлы. Сондай-ақ, компанияның акционері. Ол кеше "Алтын Орда" базарындағы №3 павильонның құрылысына қатысты куәгер ретінде прокуратураға шақырылған болатын. Алайда, үйге оралмастан, сол жерде уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ол. 

Orda.kz басылымының мәліметінше, Данияр Әлпиев ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлімі бойынша "аса ірі көлемдегі алаяқтық" жасады деген күдікке ілініп отыр. Шығын мөлшері айтылмаған. Оны ұстау уақытында ол куәгер болып келген. Бұл туралы басылымға оның өкілі Әлібек Алмабаев хабарлаған. Ол, сондай-ақ, "Алтын Орда" базарында қазіргі таңда үшінші сауда павильонының құрылысы басталғанын хабарлады.

"Хабарландырудан соң үлескерлер орындарға бронь қоюға өтініш берген. Данияр Әлпиев бұл ретте ақшаны бөліп төлеу тәсілімен беруге рұқсат берген", – деді Әлібек Алмабаев. 

Еске салайық, бұл іске қатысты тергеу сотының отырысы ертең, 22 желтоқсанға белгіленген. 


Оқи отырыңыз: Базардағы "базар": Алматыда алпыстан астам саудагер табыссыз қалуы мүмкін


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары