Бұған дейін тоқсандық емес, тек жылдық баға ескерілетін.
Келесі оқу жылынан бастап "Алтын белгі" үміткерлерінің әр тоқсандағы пәндер бойынша бағасы "5" болуы керек. Ал бұған дейін пәндер бойынша тек жылдық баға ескеріліп келген еді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Келесі оқу жылынан бастап "Алтын белгі" үміткерлері үшін талаптар әрі қарай күшейтіледі. Біз мұны жыл сайын кезең-кезеңімен өзгертіп жатырмыз. Оны білесіздер. Алдыңғы жылда болсын бұл мәселені көтердік. Біраз өзгерістер енгіздік. Биыл – екінші кезең. Екінші кезең дегеніміз – үміткерлердің 5-11 сыныптардағы барлық тоқсандағы бағалары "5" болуы керек деген қағида енгізіледі. Өзім мұны маңызды қағида деп санаймын. Сол себепті осындай шешім қабылдап жатырмын. Түлектер үшін емтиханды тәуелсіз ұйым өткізетін болады. Бұл реформа оң нәтижесін береді деп сенемін", – деді министр.
Мұнымен қатар, Асхат Аймағамбетов барлық өңірдегі мектептердің 100% бейнебақылау жүйесімен қамтылғанына тоқталды. Алайда олардың тек 55%-ы стандарт талаптарына сәйкес келеді.
"Мектептердің 99,8%-ы жылы әжетханалармен қамтамасыз етілген. Осы жылдың соңына дейін өзіміз келіскендей барлық өңір осы көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізуі қажет. Бұған қатысты үлкен жұмыс жасалуда", – деп қосты министр.
Еске салсақ, Асхат Аймағамбетов ұстаздарды өзіне тиесілі емес жұмысқа тартқан басшылардың қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Осы орайда, ол тіпті олардың қызметінен қуылуы мүмкін екенін ескертті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-