Прямой эфир Новости спорта

Алтай қаласында Лениннің ескерткішін жөндеуге 1,5 млн теңге бөлінген

Мердігерлерді іздеу бойынша тендер әлі өткізілмеген.

Алтай қаласының орталық алаңында орналасқан Ленин ескерткішін жөндеуге аудандық бюджеттен 1,5 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Бұл туралы yk-news.kz хабарлады.

Алтай өңірлік мәслихатының сессиясында 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескерткішті жөндеу мәселесі көтерілген. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының айтуынша, оған 1 млн 449 мың теңге қарастырылған. Жөндеу биыл жүзеге асырылады деп жоспарланғанымен, мердігерлерді іздеу бойынша тендер әлі өткізілмеген.


Оқи отырыңыз: Әлемде Абайға арналған қандай ескерткіштер бар?


"Ескерткіштің өзі емес, тұғыры жөнделеді. Ара-тұра жауын-шашын әсерінен бетон негізі құлай бастады. Ылғал, аяз және ауа-райының күрт өзгеруі гранитті плиталарды қозғап, тігістері ашылған. Жөндеу кезінде плиталар бөлшектеліп, негізді жаңа бетонмен құйып орнатамыз", – деп түсіндірді "Шығыс Строй Проект" ЖШС техникалық жетекшісі Сергей Оградов.

Айта кетейік, Ленин ескерткіші 1962 жылы ашылған және ол – облыс орталығының алаңына сән беріп тұрған жалғыз ескерткіш. Ескерткішімонументалдық мүсін ретінде жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары