Алматының Медеу ауданында ХҚКО жаңартылды

ХҚКО бірнеше секторға бөлінген. Байланыс аймағында клиенттер қызметті өз бетінше, ал жылдамдық аймағында қызметті 10 минут ішінде алады.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мен Алматы әкімі Ерболат Досаев Алматыдағы жаңартылған ХҚКО-ға барды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Біз жыл сайын Халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңарту үшін көптеген заманауи жоба енгізіп, қалыптасқан ескі модельден арылып жатырмыз. 2024 жыл соңына дейін мемлекеттік корпорацияның 115 фронт-офисін жаңартуды жоспарлап отырмыз", – деді цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

Жаңартылған ХҚКО жөнделіп, жиһаз және кеңсе техникасы ауыстырылды. Бизнес-процестерді жақсарту және қызмет көрсету уақытын қысқарту үшін минутына 30 бетке дейін басып шығаруға мүмкіндік беретін жаңа көпфункционалды құрылғылар орнатылған.

ХҚКО арнайы бірнеше секторға бөлінген. Мәселен, байланыс аймағында клиенттер қызметті өз бетінше ала алады. Жылдамдық аймағында азаматтар қызметті 10 минут ішінде алады. Орталықта әлеуметтік қызмет көрсету, құжаттарды алуға өтініш қабылдау және дайын құжаттарды беру секторы бар. Балаларға арналған ойын залы, ерекше қажеттігі бар азаматтарға пандус және қызмет көрсету үшін жеке сектор қарастырылған.

Бүгінгі таңда Алматыда 13 ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді. Жаңартылған ХҚКО-ға күніне 3 мыңға жуық қызмет алушы келуі мүмкін. 

ХҚКО Медеу ауданы,Марков көшесі, 44 мекенжайында орналасқан.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз