USD: 468.3 / 471.1
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 6.17 / 6.29
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Алматының Жетісу ауданында жаңа демалыс күнгі жәрмеңке ашылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы жәрмеңкелерінде 8,5 мың тонна өнім сатылған.

Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер желісі кеңейіп, жаңа сауда алаңы іске қосылмақ. Бұл туралы "Алматы" ӘКК өкілдері хабарлады.

16 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа жәрмеңке жұмысын бастайды. Жоба тұрғындарды қолжетімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және қаладағы сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

"Жаңа сауда алаңында Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше аудандарынан — Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл өңірлерінен ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан келген кәсіпкерлер де өз тауарларын сатылымға шығарады. Жалпы 1000-нан астам түрлі өнім түрі ұсынылмақ. 2026 жылдың басынан бері демалыс күнгі жәрмеңкелерде шамамен 8,5 мың тонна азық-түлік сатылған. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар да бар. Қазіргі таңда қаладағы бірнеше жәрмеңке алаңы жаңғыртудан өтуде. Атап айтқанда, Бостандық және Әуезов аудандарындағы орындар кезең-кезеңімен жаңартылып, санитарлық және инфрақұрылымдық талаптарға сәйкестендіріліп жатыр", – делінген хабарламада.

Алдағы уақытта жәрмеңке желісін Алматының барлық сегіз ауданына кеңейту жоспарланып отыр.

Жәрмеңкелер демалыс күндері — сенбі мен жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда жұмыс істейді: Бостандық, Әуезов, Медеу, Алмалы және Жетісу аудандарының белгіленген алаңдары.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз