Алматының Жетісу ауданында 2026 жылы коммуналдық желілерді қайта жаңғырту бойынша сегіз жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты.
Әкімдіктің мәліметінше, жоба аясында 7 шақырымнан астам су құбыры және шамамен 1 шақырым кәріз желісі жаңартылады.
"Сонымен қатар 2-ші Гончарная көшесінде ұзындығы 340 метр болатын жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазір аталған аумақта уақытша желілер тартылды. Жобаны үш ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, кернеуі 6-10 кВ болатын кабельдік электр желілерін жаңғырту жұмыстары да қолға алынған. Негізгі жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау көзделген.