USD: 473.1 / 476.1
  • EUR: 540.5 / 545.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Алматының Желтоқсан көшесінде BRT желісі 14 желтоқсанда іске қосылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Ол Тимирязев көшесіндегі және Райымбек батыр даңғылындағы BRT желілерін өзара қосады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Желтоқсан көшесіндегі BRT желісі 14 желтоқсанда іске қосылатынын хабарлады. Ол Тимирязев көшесіндегі және Райымбек батыр даңғылындағы BRT желісі жалғап, оңтүстіктен солтүстікке дейін үздіксіз автобус қатынасын қамтамасыз етеді. 

"Арнайы жолақтар жолдың шетінде орналасқан, бұл көлік кептеліс қолайсыздығын төмендетеді. Жеке автокөлік үшін әдеттегі қозғалыс схемасы сақталады: Абай даңғылынан солтүстікке қарай біржақты қозғалыс және жолақ саны өзгеріссіз қалады. Учаскеде фото және бейне тіркеу жұмыс істейді", – делінген хабарламада. 

Алғашқы кезеңде №92 және №59 бағытын іске қосу жоспарланған. Қозғалыс кестесі мен егжей-тегжейлі сызба қосымша жарияланады. 

Айта кету керек, жоба аясында аялдамалар жаңартылып, жаңа асфальт төселді, бағдаршам нысандары мен жарықтандыру орнатылды, сондай-ақ, жүргіншілер аймағы көріктендірілді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау