USD: 468.9 / 471.5
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.57 / 5.69
Тікелей эфир
Алматы +14C
Все города

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салуға кіріскен.

Сот шешімімен Көлсай ш/а., №2237 уч. салынып жатқан үш ғимарат сүрілді, деп хабарлады Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Тергеу бойынша, меншік иесі (жеке тұлға) тиісті рұқсат құжатсыз нысандар салуға кіріскен. Меншік иесіне қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, 316-бап 1-бап бойынша әкімшілік шара қабылданды.

2023 жылғы 25 сәуірде басқарма Алматының Медеу аудандық сотына бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылғы 22 қыркүйектегі сот шешімімен бұзу туралы талап қанағаттандырылды.

Қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен меншік иесі өз еркімен бұзуға кірісті.

Еске салайық , Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 38 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара бұзылды, оның ішінде «Мечта», «KHAN», «Граф», «Алма Гарден» ТҮК және тағы басқалары бар.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау