Алматының Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңа орынға көшірілді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Жәрмеңкелерде 300-ден астам отандық өндіруші мен фермерлік шаруашылықтар 1000-нан астам өнім түрін ұсынады.

Алматыда Әуезов ауданындағы демалыс күнгі жәрмеңке жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жаңа орынға ауыстырылды. Бұл туралы Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.

Бұған дейін жәрмеңке Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысында өтсе, қазір ол Рысқұлбеков көшесінде, Щепкин көшесі аралығында, ҚазБСҚА университетіне қарсы автотұрақ аумағында ұйымдастырылып жатыр.

Ал Бостандық ауданында жаңғырту жұмыстары жоспарланғанымен, жәрмеңке әзірге бұрынғы орнында — "Қазақфильм" шағын ауданында жұмысын жалғастыруда. Оны көшіру туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Медеу ауданындағы (Меңдіқұлов және Бектұров көшелері) және Алмалы ауданындағы (Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы) жәрмеңкелер бұрынғы режимде жұмыс істеп тұр.

"Жәрмеңкелерде 300-ден астам отандық өндіруші мен фермерлік шаруашылықтар 1000-нан астам өнім түрін ұсынады. Олардың қатарында ет, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер мен бал бар. Сауда әр апта сайын сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Тікелей жеткізілімнің арқасында өнімдер нарық бағасынан 15–20% төмен ұсынылады", – делінген хабарламада.

Қала билігі жәрмеңке алаңдарын жаңғырту арқылы қолайлы сауда ортасын қалыптастыруды көздеп отыр. Жоба аясында жаңа павильондар, санитарлық инфрақұрылым және автотұрақтар салынып, аумақтар абаттандырылады. Жұмыстардың аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз