USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Алматыдан "Аватар тауларына" енді тікелей әуе рейсімен баруға болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Алматы – Чунцин бағытындағы алғашқы әуе рейсі 23 қыркүйекте жасалады.

Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы Алматы – Чунцин бағыты бойынша тікелей рейсті іске қосатынын хабарлады. Компания бұл бағыттағы алғашқы рейсін 23 қыркүйекке жоспарлап отыр. 

Рейстер аптасына екі рет орындалады. Алматыдан әуе кемесі сәрсенбі және сенбі күндері ұшса, Чунциннен кері рейстер бейсенбі және жексенбі күндері жасалады. 

Алматы мен Чунцин арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен 5 сағатты құрайды.

Чунцин арқылы Қытайдағы танымал "Аватар тауларына" баруға болады. Сондай-ақ, қала өзінің ерекше көпдеңгейлі сәулетімен және қайталанбас қалалық келбетімен танымал. Оның ең әйгілі көрікті орындарының бірі – тұрғын үй ғимаратының ішінен өтетін метро желісі. Бұл нысан қазіргі Чунциннің басты символдарының біріне айналған.

Әуе компаниясы әзірге билет бағасы қанша болатынын хабарламады. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау