Бүгін Алматы уақытымен сағат 03:24-те Алматы қаасынан батысқа қарай 2213 шақырымдық жерде жер сілкінісі болды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісінде 23 тамыз күні Алматы уақытымен сағат 03:24-те жер сілкінісі тіркелді.
"Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 2213 шақырымдық жерде, Каспий теңізінің акваторийінде орналасқан", – деп жазылған хабарламада.
Тербелістің энергетикалық санаты – 12.3.
MPV магнитудасы –5.9.
Тереңдігі – 5 шақырым.
Эпицентр координаттары – 40.37° с.е. 50.86° ш.б.
MSK-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқи отырыңыз: Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі Қазақстанға қарай жылжи ма? Сейсмологпен сұхбат.