Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде 53 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлады мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның танымал кәсіпкер әрі блогер Сәуле Ермаханова екенін продюсер Гүлзира Айдарбекова жазды. Марқұмның туыстарының айтуынша, әйел 15 мамыр күні ота кезінде көз жұмған.
"Бір жарым сағатқа созылатын жоспарлы липосакция отасы отбасымыз үшін қайғылы жағдайға айналды. Бір сағат. Бір жарым, екі, үш сағат өтті. Сұрақтарымызға ешкім жауап бермеді. Тек үнсіз қалды. Анамның қайтыс болғанын еріп барған туысымызға тек кешкі сағат 18:00 шамасында айтқан. Ал жедел жәрдем тек 19:00-де келген. Үш сағат бойы ол жабық есіктің ар жағында жалғыз жатты. Біз ештеңе білмедік. Әлі күнге дейін көптеген сұрақтарымыз бар: неге дәрігерлер өлім туралы бірден хабарламады?" – деп жазды марқұмның қызы Threads әлеуметтік желісінде.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз:
IT маман, дәрігер, педиатр: Қазақстанда 50-ден астам мамандық бойынша шетелдіктерге мүмкіндік берілді
Кене шаққан жағдайда не істеу керек? Алматы дәрігерлері түсіндірді