Алматы мәслихатының VIII шақырылған депутаттарының кезектен тыс XVI сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
"Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады", – деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Қазіргі таңда Алматыда 44 Ұлы Отан соғысы ардагері тұрады.
Алматы қаласы мәслихатының жеке шешіміне сәйкес, 2023 жылы ҰОС-ның 56 ардагеріне 1 миллион теңге және қосымша 500 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
Оқи отырыңыз: Ардагерлер мен зейнеткерлер санаторийге қалай тегін жолдама ала алады? Түсіндірме
Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Алматы қаласының аудандық әкімдіктері екінші деңгейлі банктердегі шоттарына өтініштерді талап етпей, тізімге сәйкес беріледі.