Алматыдағы Тұңғыш президент саябағы қайта жаңғырту кезеңінде толық жабылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Тұңғыш Президент саябағына кіруге уақытша тыйым салынады.

Алматыда Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты жаңарту кезеңінде саябақ аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін толық жабылады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері хабарлады.

Жоба аясында саябақ аумағын кешенді абаттандыру, инженерлік және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жаңарту, көгалдандыру, сондай-ақ демалысқа қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жоспарланған.

"Саябақ жабық болған кезеңде тұрғындар мен қала қонақтары жақын орналасқан Flow Park аумағын пайдалана алады. Ол келушілер үшін ашық. Flow Park-ке іргелес аумақтарды байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірі арқылы өтуге болады", – делінген хабарламада.

Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарының нақты аяқталу мерзімі және оның келушілер үшін қайта ашылатын күні кейінірек жарияланады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарау сұралды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау