Алматыда Республика алаңы мен "Атакент" аумағы жаңарды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда 34 шақырым аумақ кешенді көркейтіледі.

Алматыда сегіз көше мен Тұңғыш Президент саябағын кешенді көркейту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалар Сәтбаев, Розыбакиев, Жароков, Тимирязев, Жандосов, Масанчи көшелерінде, сондай-ақ Сейфуллин және Абай даңғылдарында жүзеге асырылуда. Көркейтілетін аумақтардың жалпы ұзындығы шамамен 34 шақырым, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Жұмыстар аумақтарды қасбеттен қасбетке дейін толық жаңартуды қамтиды. Жоба аясында тротуарлар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын салу, көгалдандыру, автоматты суару жүйесін орнату, сыртқы жарықтандыру мен инженерлік желілерді жаңғырту, шағын сәулет нысандарын орналастыру және балалар мен спорт алаңдарын салу жоспарланған.

"Қазір нысандарда жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын, инженерлік желілер мен сыртқы жарықтандыру жүйесін салу, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоба бойынша 4 357 ағаш және 795 мыңға жуық бұта отырғызылмақ. Жасыл желекті суару үшін жалпы ұзындығы шамамен 1 012 шақырым автоматты суару жүйесі салынады. Сонымен қатар 60-қа жуық балалар және спорт алаңын салу, велосипед инфрақұрылымын дамыту көзделген. Жобалар аяқталғаннан кейін осы учаскелердегі веложолдардың ұзындығы 7,21 шақырымнан 17,77 шақырымға дейін ұлғаяды", – делінген хабарламада. 

Сәтбаев көшесін көркейту аясында аумағы 6,9 гектар Республика алаңы қайта жаңғыртылды. Мұнда 277 ағаш пен 32,6 мыңнан астам бұта отырғызылып, 550 метр веложол салынды. Тимирязев көшесінде "Атакент" кешені алдындағы 0,37 гектар алаң жаңартылды. Бұл аумақта 67 ағаш және 17,2 мыңнан астам бұта егілді, сондай-ақ 100 метр веложол салынды. Розыбакиев көшесінде Қарасай батыр мен Жамбыл көшелерінің аралығында және тағы сегіз аумақта желілік саябақтар құру жоспарланып отыр.

Тұңғыш Президент саябағын көркейту де ірі жобалардың бірі. Мұнда кешенді көгалдандыру жүргізіліп, ағаш, бұта және гүл дақылдарын қоса алғанда 1 миллионға жуық жасыл желек отырғызу жоспарланған. Сонымен қатар үш су қоймасы бар автоматты суару жүйесі құрылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау