Алматыдағы "Тұлпар" базары сәуірден бастап уақытша жабылады

"Тұлпар" базарын жөндеу жұмыстары төрт рет шегерілген болатын.

Алматы қаласындағы "Тұлпар" базарының сауда орындары жаңартылады. Бұл туралы Алматының Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

"Қаладағы барлық базар иелері заң мен келісімшартқа сәйкес, сауда орындарын жаңартуы тиіс. Дәл осылай жөндеуден өтуі керек базарлардың бірі – "Тұлпар". Сауда орны толық жаңартылғанша саудагерлер жұмысын уақытша басқа жерде жүргізеді. Жылдан жылға шегеріп келе жатқан бұл жұмысты кешіктірмей бастауымыз қажет", – деді Ерболат Досаев. 


Оқи отырыңыз: Алматыдағы "Барыс-4" базары мемлекетке қайтарылмақ


Алмалы ауданының әкімі Ержан Сейтенов аталған жұмыстарды сәуір айынан бастап жүргізуге дайын екенін бөлісті. Айтуынша, базар иелері бұған келісіп отыр. 

"Сауда орындарын жалға алушылар себебінен жаңарту жұмыстары төрт рет кейінге қалғаны өкінішті. Бірақ осы жолы бұл жұмыстарды бастайды", – деді Ержан Сейтенов. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз