Тікелей эфир

Алматыдағы "барахолкада" вейп сататын орын жойылды

3 мың вейп табылды және тәркіленді.

Алматыдағы базар маңында жасырын ұйымдастырылған вейп сататын орын жойылды. 

Оны 42 жастағы жеке кәсіпкер ұйымдастырған. Ол заң талабын елемей, бұл кәсіпті жасырын жүргізуге шешім қабылдаған.

"Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында дүңгіршекте электронды темекінің заңсыз айналымы дерегі анықталды. 3 мың вейп табылды және тәркіленді. Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Заттай айғақтар қылмыстық іс материалдарына қосылды", – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Еске салайық, 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне 301-1-баб (Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы) қосылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары